Жер қойнауын игеруде өсім байқалды

Пандемия басталғалы елімізде геология және жер қойнауын пайдалану саласында 500-ден астам юниор компания құрылып, бұл геологиялық барлауға салынған инвестициялардың айтарлықтай өсуіне әсер етті. Бұл туралы Minex Kazakhstan – 2022 халықаралық форумында Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Руслан Баймишев айтты.

Жер қойнауы туралы кодекс қа­былданған сәттен бастап гео­логия­лық барлауға 1 600-ден астам лицензия беріліп, жаңа бар­лау нысандарына байланысты инвес­тициялық міндеттемелердің кө­лемі жер қойнауына геологиялық зерт­теуге бөлінген бюджеттік қара­жат­­тан асып түсті. Бұдан бөлек гео­­­ло­гиялық барлауда 75 мың шар­­­­шы ша­қырымдай жаңа аумақ қамтылды.

Сонымен қатар Индустрия ми­нистрлігі қатты пайдалы қаз­ба­лардың барлық кен орнына тек­серу жүргізіп жатыр. Қол­даныс­тағы заңнамаға сәйкес ли­цен­зиялық-келісімшарттық мін­дет­темелерді орындамаған жер қойнауын игерушілерге бұзу­шылықтар туралы хабарламалар жіберіліп, келісімшарттағы міндеттер орындалмаған жағдайда лицензияларды бұзу бойынша шаралар қабылданады. Нәтижесінде пайдаланылмайтын келісімшартты аумақтар заңнамада белгілен­ген тәртіппен жер қойнауын пайда­лану құқығын беруге арналған аукцион­дар арқылы жаңа инвестор­лар­ға беріледі. Тек жыл басы­нан бе­рі осын­­дай жолмен 31 келісім­шарт бұ­зылып, 3 лицензия кері қайтарылды.

«Жер қойнауы туралы кодекс­тің өтпелі ережелеріне сәй­кес аукциондарды өткізу мер­зімі осы жылы аяқталатынын атап өт­кен жөн. Бірақ «Минералды ресурс­тардың ұлттық деректер банкі» ақпараттық жүйесінің ұзақ әзір­ленуіне байланысты аукциондарды өткізуді ұзартып, сондай-ақ адал инвесторлардың қатысуын қамтамасыз ету үшін қосымша талаптар (кепілдік жарна) енгізуге қатысты жұмыс жүргізіп жатырмыз.

Жер қойнауы туралы кодекстің жаңа модельдің негізінде қабыл­дануы ірі ойыншыларды, атап айтқанда Ұлыбритания, Ауст­ралия, Канада және басқа елдердің тау-кен компанияларын тартуға мүмкіндік берді. Бұл өз кезегінде тау-кен саласының озық әлемдік тәжірибелерінің елімізде іске асып, бәсекелестіктің артуы мен ин­вес­тициялық имидждің жақсаруына септеседі», деді Р.Баймишев.

Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауым­дастығының (ТМКҚ) атқарушы директоры Николай Радостовецтің айтуынша, минералдық-шикі­зат базасы нашарлап, қорларды толықтыру коэффициенті төмен деңгейде тұр. Өндірістің өзіндік құны ұлғайып, өнеркәсіптік инфляция жүріп жатыр.

Бұған қоса 2023 жылдан бас­тап жұмыс берушілерге міндетті зейнет­ақы жарналарын аудару тәртібі қолданылса, 2025 жылдан бастап Озық қолжетімді техно­ло­гияларды енгізу тетігі іске қосы­лады. Сала өкілдері 2026 жылы Еуропалық одақтың көміртегі салығын енгізетініне алаңдаулы. Себебі экологиялық жүктемені азайту шаралары үлкен қаржылық шығындарға әкеледі.

Алайда ең бастысы, қауымдас­тық өкілдерін отандық өнімдерді қайда апарып, қалай және қандай бағамен сататыны толғандырады.

«Кейінгі апталарда бірқатар компанияның өндіріс көрсеткіш­тері төмендеп жатқанын байқап отырмыз. Санкциялық шектеулер­дің енгізілуі жағдайында теңіз порт­­­тарына экспорттық жүктерді іл­гері­­­летудің балама жолдарын қа­рас­тыру маңызды», деді Н.Радостовец.

Осы ретте қауымдастық өкіл­дері ұзақмерзімді болашаққа мем­ле­­кет­аралық келісімнің негі­зінде Қытайға өнім тасымалдау мүм­кіндіктерін кеңейтуді қарас­ты­рып, сондай-ақ құжаттарда кепіл­ден­дірілген тарифтер мен тасымалдау көлемдерін белгілей отыра қазақ­стандық жүктерді Ақ­тау пор­­ты арқылы Әзербайжан, Гру­зия­ға ілгерілетуге байланысты үкі­­­­мет­­­аралық келісімге қол қоюды ұсын­ды.

Ресей, Әзербайжан, Грузия арқылы жүктерді тасымалдау мәселесін талқылай келе сала өкіл­дерін темір жолмен тасымал­дау мүмкіндіктері, атап айт­қанда, «Қазақстан темір жолы» ком­паниясының бұл мәселені реттеу амалдары, сол секілді бұл бағытта санкцияға ұшыраған ре­сей­­лік темір жол компаниялары­на қаншалықты сенуге болатыны мазалайды. Қауымдастық осы жұ­мыстарға локомотивтер мен жылжымалы құрамы бар жеке операторларды тартуды ұсынды.

«Жеке локомотивтері мен ва­гон­дары бар отандық ком­па­ния­ларға қазақстандық жүктерді тасымалдауға рұқсат беру үшін осы мәселені Ресей, Әзербайжан және басқа да елдермен мемлекетаралық деңгейде пысықтау қажет. Ертеңге сеніммен қарап, алаңдамай жұ­мыс істеу үшін оларға осындай басым­дық берген артық болмайды деп санаймыз», деді ТМКҚ-ның атқару директоры.

Кейінгі бірнеше айда Қазақ­станның тау-кен кәсіпорын­дары тарапынан бюджетке түсетін тү­сім­дерді арттыру мәселелері бел­­сенді талқыланып, пайдалы қаз­баларды өндіруге салынатын са­лық мөлшерлемесін 1,3 есеге көтеру ұсынылып отыр. Бұл ретте таяу бес жылда отандық тау-кен секторында 3 трлн теңгеден астам сомаға жаңа жобаларды іске асыру көзделіп отыр. Кеншілер мен металлургтер бюджетке қосымша ақы төлеп қана қоймай, керісінше 2022 жылдың қорытындысына сәйкес, 2020 жылға қарағанда бюджетке 20-30%-ға артық қаражат аударған. Бұл қолданыстағы салық жүйесі тиімді жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді дейді сала өкілдері.

Жақсылық Мұратқали

Поделиться в facebook
Facebook
Поделиться в twitter
Twitter
Поделиться в telegram
Telegram
Поделиться в whatsapp
WhatsApp
Поделиться в odnoklassniki
OK
Поделиться в vk
VK
Ad

Другие новости

Оставьте комментарий